Аграрий Казахстана

Қаптамадағы (плёнкадағы), «траншеядағы» және мұнарадағы пішендемелер

Пішендеменің дайындалуы және оның «консервациялануы» өсімдіктерді сүрлемдеу процесін-де өтетін органикалық қышқылдардың ашу процесі есебінен емес, ортаның физиологиялық құр-ғақтығы есебінен болады. Осы кезде дақылдар табиғи түрде шала кебеді. «Консервілеудің» бұл әдісі пайдалы қоректік заттардың, бірінші кезекте қант пен протеиннің әдемі сақталуын қамтама-сыз етеді. Пішендеменің сүрлемге қарағанда ылғалдылығы төмендеу – елуден алпыс пайызға де-йін, ал сүрлемде жетпіс пайызға дейін барады. Осы себепті сүрлемнің қыста қатып қалатындығы бар, пішендеме қатпайды. Құрғақ заттар пішендемеде сүрлемге қарағанда  үш есе көп болады. Не-гізінен пішендеме бұршақ тұқымдас шөптерден (жоңышқа, люцерна, эспарцет) және кейде масақ-ты бір және көп жылдық шөптерден дайындалады. Бірақ, ескерілетін жағдай – пісу мерзімінен сәл ертелеу жас өсімдіктен дайындалған пішендеме күшті араматты исімен және жоғарғы сіңімділікті қорытылатындағымен ерекшелінеді. Бұршақ тұқымдас шөптерді қауыздану фазасында, ал масақ-тыларды масақтана басталу алдында ору керек.                                                                                  Пішіендеме дайындау үш түрлі жолмен жасалынады. Біріншісі арнайы еңісті «траншеяларда» қабат-қабат қалана тапталып, нығыздалып және қымтала дайындалса, екіншісі ПВХ – стрейч плен-касымен кемі алты рет оралған «рулонды» түктерде дайындалса және үшіншісі ПВХ қойма – жең-дерінде дайындалады. Шет елдерде осы ПВХ  жеңдерде дайындалған пішендемелердің және плен-камен оралған орама пішендемелердің қолданып келе жатқанына 15 – 20 жылдар көлемі болып қалған. Екінші технология кішігірім шаруашылықтар үшін тиімді болса, қалған екеуі ірі тауарлы — сүт фермаларына арналған. ПВХ-мен оралған «рулонды» түктерді дайындау үшін жоғары тығыз-дықпен престейтін орамды түктер жасайтын жинағыш-престегіштер қажет. Ресейдің «Агротехни-ка и технология» журналының 2017 жылдың  22 мамырында шыққан номерінде Д. Харитонова Россияда Италияның WOLAGRI фирмасы шығарған престегіштер мен Ресейдің Pelikan 1200 прес-тегіші кеңінен таралғанын айтады. Престегіштердің престеу тығыздығы 300 кг/м кубтан кем бол-мауы тиіс, сонда шөптің көгеру қаупі төмендейді. Италияның осы фирмасының престегіштері кемі 320 кг/ м куб тығыздықпен түк жасағандықтан, Ресейдің «Краснокам РМЗ» жауапкершілігі шек-теулі қоғамдастығында (ООО) осы престегіштер 15 жылдан бері жиналып жасалынады екен.

ПВХ – стрейч пленкасымен оралған орама түктерді:  а) арнайы өте тығыз орайтын жа-ңа буындағы «рулонды» престегіш машинаның құрылғысымен;  ә) Sipma OS – 7521 арнайы, тірке-мелі, өзі көтеріп алып орайтын машинамен дайындау; б) сақтауға қойылған оралған орама түктер. Пішендеме дайындау бірнеше кезеңдерден тұрады:   – кебу процесін жылдамдату үшін, бұр-шақ тұқымдасты өсімдіктерді жаныштап ору (4-6 сағаттан кейін престей бересің), яғни  жанышта-уыш — сығымдағыш барабандары бар жаткамен ору;        – күнге шала (10 кг масса 6 кг массаға ай-налғанша) кептіру және өсімдікті пал-дестеге сырып жинастыру;    – дестені дөңгелекті-саусақты тырмалауыш-аударғыштармен аудару;   – жиналған дақылды жем-шөп комбайындарымен майда-лап турау және тіркемелерге тиеу;   – траншеяға алынған массаны қалап жинай отырып, ауыр трак торлармен нығыздап таптау. Ал жеңге пішендеме дайындау – Ресейдің УСМ -1 сүрлем – пішенде-ме массасын нығыздағыш машинасы көмегімен ПВХ жеңдеріне престеп жинастыру – нығыздау арқылы жүзеге асады. Жеңге пішендемені толтыруда шөпті шала кептіру операциясының қажет-тілігі болмайды. Орылып жанышталған және майдаланып туралған жасыл массалы шикізат бірден транспорт құралына тиеліп, пішендеме-сүрлем массасын жинап нығыздауышына жеткізіледі.                 .       Жинауыш-престегішпен түктелген және сеткамен орап дайындалған «рулондардың» ортасы қызып кетпеу үшін 2 – 3 сағаттан қалдырмай, арнайы пленкамен орайтын SPEED WAY – 120 шап-шаңды орауышымен түзу бойлай қатарлап  орап шығады немесе Ресейдің ОРС – 1200 «рулондар» орауышымен егістікте немесе ферма төңірегінде түктерді ПВХ стрейч – пленкасымен орауға бола-ды.

ПВХ жеңдерге туралған шөпті толтырып нығыздайтын  УСМ – 1 Ресей қамдаушы-нығыздаушы машинасымен немесе «стационарлы» шапшаң Neoliner NWS – 660 пленкамен орау-шы, бір түзу бойына жинаушы машинасымен дайындау және сақтауға қойылған жең-қоймалар .       Пленкамен орау үшін және жең-қоймаларда пішендеме сақтау үшін, қосымша жоғарыдағы техникалар қажет болатындығын көреміз. Бірақ, ірі сүт-тауарлы фермалар үшін пішендеме дайын-дап қолдану– сүт өндірудің тиімділігі мен кіріс түсіруді арттырады. Орылған шөптің жауын-ша-шын астында қалып, қараю ықтималдығы бірнеше есе төмендейді. Ірі шаруашылықтар 1-2 жылда сатып алған заманауи техникаларға кеткен шығынды ақтап алады. Жеңдер жабық қоймаларды қа-жет етпейді, ашық аспан астында, ферма төңіректерінде сақталына береді. «Траншеяларда» пішендеме қызып кетпеу үшін, күнделікті биіктігі бір метрден аспайтын шөп қабатын төсеу қажет. Астық пен топырақ температурасын өлшейтін термометр көмегімен шикізат ішіндегі температуралық режимді бақылай отырып, шөп массасын тығыздау процесін тұрақты ба-қылау қажет. Егер масса температурасы отыз жеті градус болса, онда дайындау процесі дұрыс жү-ріп жатқан болады. Температура қырық градусқа көтеріле бастаса, тығыздауды күшейту қажет. Егер жоғарғы қабатта (шамамен жетпіс сантиметр қалыңдықта) температура 30 градусқа кемісе, тығыздауды ары қарай жүргізуді тоқтатқан дұрыс болады. Траншея толық толғаннан кейін, бетін отыз сантиметр қалыңдықта жаңа орылған майдаланған шөппен толтырып тығыздау қажет. Бұл ауаның ішке кіруін тежейді. Шөптің орнына қара, қоңыр түсті жарық ұстайтын пленка қолдануға болады. Қай кезде болмасын, пішендемені сенімді жабынмен қамтамасыз ету керек.

«Траншеядағы» пішендемені пайдаланғанда бірнеше ережелерді сақтау керек:                                  1. Мүмкін болса күнделікті кемінде пішендеменің беткі отыз сантиметр қабатын алып тұру қажет. Басқа жағдайда, массаның іші қатты қызып, одан кейін міндетті түрде көгеру процесі басталады.  2. Алынған пішендемені мүмкін болса, тездетіп үй жануарларына жемшөпке жіберу қажет. Оны бір күннен артық ұстауға болмайды, себебі өнім сапасы тез бұзылады. Жемшөп кеуіп, дәрумендер, микроэлементтер және басқа пайдалы заттар желге ұшады.                                                                                                                              .        Жоғарыда айтылған пішендеме сақтаудың үш әдісінен бөлек, пішендемені мұнараларда сақ-тау технологиясының да өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Құрылыс нысаны бұл техно-логияда «траншеяда» сақтау технологиясы сияқты мал фермасы төңірегінде орналасады. Яғни, ту-ралған шөп шикізатын біраз уақытпен алшақ қашықтыққа тасымалдау қажеттігін туындатады. Де-генмен, аз жер ауданында орналасқан мұнара нысанына өте көп көлемдегі пішендеме шикізатын толтыруға болады. Мұнаралар металлдан және темірбетоннан жасалады. Мамандардың кеңесі бо-йынша диаметрі 10-12 метрлік мұнаралар тиімді болып келеді екен. Ал биіктігін 15 м, немесе 30 метр жасау – шаруашылықтың өз жоспары еншісінде. Осы мұнараларға 500 тоннадан 2000 тонна-ға дейін пішендеме сақтауға болады. Мұнараға тиеу жұмысы 3Б-50 пневмотранспортері арқылы жүзеге асады. Жемшөпті алу процесі мұнараның «сфералық» төбесінің ішінде орналасқан РРС-Ф-50-6 шнекті сырып алғышымен мұнара бүйірлеріндегі «люктер» және жүк алу шахтасы арқылы жүзеге асады. Бұл мұнараларға жүктелетін өсімдік шикізатының ылғалдылығы жоғары болады. Мұнаралардың сметалық бағасы қымбаттау болады, бірақ жемшөптің сақталуы «траншеяға» қара-ғанда біршама жоғары және жемшөп шығыны 2 есе аз болады. Мұнарада пішендеме сақтау техно-логиясы – мұнараны шикізатпен толтыру, пішендемені қоймадан тартып шығарып алу және жем-шөпті үй жануарларына тарату процестерін кешенді механикаландыруға мүмкіншілік береді. Бұл мұнараларда бірнеше жылдар бойы пішендеме сақтау процестерін жүргізуге болады және пішен-деме немесе сүрлем топырақ ылғалдылығынан туындайтын көгеру әсеріне ұшырамайды.

Пішендеме тұжырымдамасы фермерлердің жемшөп қорын үнемдеуге, ірі қаралардың сүт бе-руін жоғарғы көрсеткіштерге жеткізуіне, шаңсыз-микробсыз ортада –- адамның тыныс алу жүйесі-не, денсаулығына салмақ салмайтын ортада жұмыс істеуіне және егістікте орылып, кептірілуге қалған  шөптің  жауын – шашыннан туындайтын қарайып – шіруден қорғауға бағытталған ұмты-лыстарынан туындайтынын көреміз. Бұл технология мүйізді ірі қаралардың азық сапасының тө-мендеуін білдірмейді. Керісінше, жеткілікті қоректік базаны сақтауды, пішен мен пішендемені маусым сайын үйреншікті – дағдылы –дәстүрлі түрде дайындауға бағыт береді. Дегенмен, пайда-лы элементтердің сақталуын қамтамасыз ету үшін, орылған шөпті «траншеяға» төсеп таптау және дайын пішендемені малға берерде «траншеядан» шығарып алу ережелерін сақтау қажеттігін әрқа-шан есте сақтау керектігі талап етіледі.                                                          

Орысша ғаламтор материалдарын аударып  ықшамдаған және жинақтап қосымша толықтырған Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің педагогы Тайыржан Чиналиев